Алматыдан 599 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан оңтүстікке қарай 599 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды Хабар 24.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 7 сағат 28 минутта жерасты дүмпуін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы 599 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.9.

Магнитудасы –4.5.

Жерасты дүмпуі 5 шақырым тереңдікте болған.