Елордада туристік полиция бекеттерінде шетелдік саяхатшыларға арналған QR-код орнатылды

Соған қарап шетел азаматтары Қазақстан астанасындағы туристік нысандар жайлы біле алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ондағы мәліметтер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған. Туристерге ақпараттан бөлек, нысандарға апаратын көшелердің сызбасы мен тізімі де ұсынылады. Полиция департаментінің мәліметінше, туристік полиция қызметкерлерінің көмегіне күніне 25-30 шетел азаматы жүгінетін көрінеді.   

Арман Айтмағамбетов, жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:

– «Астана Инвест» компаниясы полиция департаментімен бірлесіп, буклеттер мен карталар жасады. Саяхатшыларға ыңғайлы болу үшін біз бұл құжаттар барлық модульдік туристік бекеттерде орналастырамыз.