ПТР анықтамасы жоқ 11 азамат елге кіргізілмеді 

Өткен тәулікте Павлодар облысындағы бақылау-өткізу бекеттерінен ПТР анықтамасы жоқ 11 Ресей азаматы елге кіргізілмеді.

Жалпы карантиндік шектеулер енгізілгеннен бері шекарадан  200 мыңға жуық адам өткен. Олардың басым бөлігі халықаралық жүк тасымалдайтын көлік жүргізушілері. Қалған 90 мыңы көрші елден келген жолаушылар. Осы кезеңде шамамен 41 мыңдай адамға  ПТР зерттеулер жасалған. Біздің елдің карантиндік стационарларына бес мыңға жуық адам жатқызылса, анықтамасы жоқ  2 мың 607 адам кері қайтарылыпты. Ал соңғы тәулікте мемлекеттік шекара арқылы 684 адам өтсе, 7 қазақстандық стационарға карантинге жатқызылды.