Ақтөбе облысында ауруханаға ауыр жағдайда түсушілердің қатары азаймай отыр

Ақтөбе облысында коронавирусқа шалдыққандар саны бәсеңдегенімен ауруханаға ауыр жағдайда түсушілердің қатары азаймай отыр.

Бүгінде 84 науқас реанимациялық бөлімшелерде ем алуда. Оның ішінде 15-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Дәрігерлердің жіті бақылауына алынғандардың арасында жүкті әйелдер мен балалар да бар. Ал қыркүйек басталғалы 500-ге жуық мектеп оқушысынан коронавирус белгісі анықталды. Қазір олардың 260-тан астамының денсаулығы қадағалауға алынған. Мамандар соңғы бір айдағы көрсеткішпен салыстырғанда індет жұқтырушылар қатары азайғанымен арқаны кеңге салуға ерте екенін ескертіп отыр.

Гүлбану Дәулетова, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы:

- Бүгінгі таңда мектеп оқушылары арасында 489 жағдай тіркеліп отыр. Қазіргі таңда 123 мектепте 473 сынып қашықтан оқу форматына көшірілді.