Алматыда банк тонағандар сотталды

Алматыда өткен жылдың қазан айында банк тонаған үш адам сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алмалы аудандық сотының маусымдағы үкімін қалалық соттың аппеляциялық комиссиясы өзгеріссіз қалдырды.

Ресми мәліметтер бойынша, қарақшылар банкке 2 394 830 теңге көлемінде материалдық залал келтірген. Нәтижесінде сот Әбілкәрімов пен Степановты Қылмыстық кодекстің 192-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы «Қарақшылық» ісі бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Ал Өмірзақовқа «Қарақшалық» бабымен қатар «Алаяқтық» бойынша да айып тағылды. Ол 2019 жылы риелтор болып, пәтер сатып алмақ болған 7 адамның қаражатын жымқырған. Шығынның жалпы көлемі 60 миллион теңгеден асады. Сот Өмірзақовты 8 жылға бас бостандығынан айырды.