Павлодар әкімдігі үйлерінде тоңып отырған халықтан кешірім сұрады

Әкімдік өкілдері жылу маусымына дайын болмағанын да мойындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Маусым ресми түрде 10 күн бұрын басталса да, 39 көп қабатты үй әлі күнге дейін жылусыз отыр. Себеп – желілердің тозуы мен жиі бұзылуы. Бүгінгі күнге дейін инженерлік жүйеде 500-ден астам ақау анықталған. Мәселені шешу мақсатында жылу таратушы ұйым мен әкімдік құны 5 млрд теңге болатын кешенді жоспар әзірлеген. Жоба мемлекеттік сараптамадан өтеді. Ал проблема түбегейлі шешілмегенше, биліктің халықтан кешірім сұраудан басқа амалы жоқ.

Арслан Қалиақбаров, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

– Өз басым кешірім сұраймын. Ойламаңыздаршы ЖКХ бөлімі өздері барып дәнекерлеу жұмыстарын істейді деп. Ол жұмыстарды істейтін жауапкершілігі шектеулі серіктестік бар. Желілерді жаңарту бойынша кешенді жоспар әзірленіп жатыр. Бүгінгі күні шамамен 90% дайын.

Павел Плетухов, «Павлодар жылу желілері» ЖШС бас инженерінің орынбасары:

– Тұтынушылар тарапынан түсетін шағымдар өте көп. Қазіргі уақытта жылу беру көздеріндегі температураны 80 градусқа көтердік. Жүйеде олқылықтар бар. Бірақ халықтың бәрін жылумен қамтуға тырысамыз.