Министр жанармай тапшылығының себебін атады

Дизель отыны қашан жеткілікті болады? Елдегі мұнай өңдеу зауытының бірі Атырауда. Қазір қалыпты жұмыс істеп тұр. Жыл басынан бері 93 5738 тонна бензин, 1 млн 168276 тонна дизель өндірген.

Қазақстанда бұл отынның тапшылығына бірден бір себеп «тауар құнының көрші елдерге қарағанда төмендігі»,– дейді министр Мағзұм Мырзағалиев.

Біздің ел халықаралық дәліз болғандықтан шетелдік жүк көліктерінің әрқайсы айына шамамен 4 тонна дизель отынын әкетеді. Салдарынан биыл, кейінгі екі жылмен салыстырғанда, бір айда 100-140 мың тонна дизель отыны артық сатылған. Бұл мәселені шешудің ендігі бір жолы – Ресейден қосымша дизель отынын сатып аламыз.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрі:

– Біз осы қазан айында 100 мың тонна импорт туралы келсімге қол жеткіздік. Әрине, баға өседі, өсті, оны өзіміз көріп отырмыз. Дегенмен, баға реттелмейді. Бізде нарықтық баға.