Оралда тұрғын үйдің ауласынан мина табылды

Жарылғыш затты ер адам жер қазып жатқан кезде тауып алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әйтеуір ешкім зардап шекпеді. Ер адам дереу полицияға қоңырау шалған. Мамандар минаны полигонға жеткізіп, залалсыздандырды.

«Жарылғыш зат екінші азамат соғысы кезіне тиесілі. Оны 35 жастағы ер адам өзі тұратын мекенжайдан 3 қарашада тапты. Сол күні-ақ мина қауіпсіз жерде жойылды», ­– делінген БҚО ПД хабарламасында.