Шымкентте жарықтың жиі сөнуіне майнерлер себеп болуы мүмкін

Шымкентте жарықтың жиі сөнуіне майнингтік фермалардың электр қуатын артық пайдалануы себеп болуы мүмкін.

Мегаполисте ресми тіркелген кәсіпорын болмаса да әкімдіктегілер осылай деп топшалап отыр. Енді полиция мен жедел бригадалар іздеу жұмыстарын жүргізуге кірісті. Соңғы уақытта тұрғындардан да шағым көбейді. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде қуат өндіруші мекемелерде тапшылық барын айтқан еді. Сондай-ақ Шардарадағы судың аздығынан электр қуаты 5 еседей төмендеген. Ал негізгі тоқ көзін тасымалдаушы Екібастұз станциясындағы жөндеу жұмыстарына байланысты қала 221 мегаватт емес, тек 120 мегаватт тұтынып отыр. Алайда жауапты мамандар жақын арада жағдай толық қалпына келеді дейді. 

Мәулен Айманбетов, қала әкімінің орынбасары: 

- Бүкіл өңірлерден республика көлемінде электр қуатын былтырғы жылға қарағанда 12% көп пайдаланып жатырмыз. Оған себепкерлердің бірі қазіргі майнингтік фермалар шығып жатыр. Бұндай энергия көзін пайдаланатын майнингтерді тізімін шығарып, оларды осы электр жүйесінен ажырату немесе заңдастыру.