Елде Pfizer вакцинасы салына бастады

Бүгін елімізде балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге короновирусқа қарсы вакцина салына бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматыда 12 мен 18 жас аралығындағы жеткіншектерге Файзер екпесі егілді. Әзірге оны қаладағы арнайы вакциналау пункттерінде алуға болады. Ал келесі аптадан бастап, мектептердегі медициналық кабинеттерде салына бастайды. Елімізге Pfizer вакцинасының 379 мың дозасы жеткізілген. Министрлік бұл вакцинаның 4 млн 230 мың дозасын сатып алды. Бұл 2 млн 115 мың адамды егуге мүмкіндік бермек. Баласын қатерлі індеттен сақтау үшін 30 мың алматылық балаларына Pfizer вакцинасын салдыруға келісім берген.

Айта кетейік, мегаполис қазір «сары» аймақта. Мұндағы ұжымдық иммунитет 56 процент боп отыр. Бұл екпенің әсері екенін айтады.

Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің айтуынша, қалада коронавирус инфекциясын жұқтыру деңгейі төмендеп келеді. Бұл вакцинаның әсері деп атап өтті бас санитар дәрігер.

Жандарбек Бекшин, қаланың бас санитар дәрігері:

– Жалпы аурушаңдықтың санын алсақ, оқушылардың арасында бұл көрсеткіш 11%. Ал мектепке дейінгі балалардың арасында 4,6 процент болды. Сондықтан қазіргі таңда біз вакциналауды бастап жатырмыз. Бүгіннен бастап балалардың және жасөспірімдердің арасында. Бұл да аурушаңдықтың төмендеуіне әсерін білдіреді.

Мамандар арқаны кеңге салмай, балалармен қатар жүкті және бала емізетін әйелдер де вакцинамен қорғану қажет дейді. Қазір бұл санатқа кіретіндер саны елордада 33 мыңнан асады.

Әйгерім Лебаева, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

– Жүкті әйелдер «Файзер» вакцинасын 16 аптадан 37 аптаға дейін салдыра алады. Сонымен қатар емізетін әйелдер босанғаннан кейін 42 күннен кейін ала алады. Бұл вакцина зерттелген. Сонымен қатар шетелдерде салынып жатыр. Жүкті аналар мен балаларға бұл вакцина сүт арқылы берілуі немесе бала жолдасы арқылы берілуі мүмкін емес.

Жалпы оқу жылы басталғалы бері елімізде 22 мыңнан астам бала қауіпті індетті жұқтырған. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Файзер» екпесі арқылы баларды короновирустан қорғауға мүмкіндік болатынын айтады. Жеткіншектерге ата-анасының жазбаша келісімімен ғана екпе егіледі. Вакциналанған барлық жасөспірім ересектер сияқты вакцинация паспортын алады.

Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау министрі:

– Жасөспірімдерге вакцина мектептердің егу кабинеттерімен қатар медициналық ұйымдарда ата-аналарының немесе олардың заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен ғана салынады. Вакцинация бірінші дозаны алғаннан кейін 21-ден 28 күнге дейінгі аралықпен екі рет жүргізіледі. Әлемдік тәжірибеге сәйкес балаларды вакциналау әлемнің 30-дан астам елінде жүргізілуде, оның ішінде 15-тен астам елде балаларды вакциналау үшін Pfizer вакцинасы пайдаланылады.

Ал Елордада балаларды егу науқаны алдағы дүйсенбіден басталады. Егу шарасы ата-ананың қалауына сай мектепте не емханада жасалады.

Айта кетейік, кеше Нұр-Сұлтанға америкалық Pfizer екпесінің 35100 дозасы жеткізілді. Арнаулы мұздатқышта сақтаулы тұрған вакцина сұраныс көлеміне сай егу пунктеріне жіберіліп отырады. Ал әрі қарай дәрігерлер оны 1 ай ішінде қолданып үлгеруі тиіс. Екі дозадан тұратын екпені салу мерзімі – 21 күн. Бір мезетте 6 адамды егуге болады. Аталған вакцина еліміздің өзге де өңірлеріне жеткізіле бастады.

Авторы: Айнұр Қуатқызы

Сондай-ақ...