Жерімізді сақтап қалу үшін жастар еңбек етуі керек – Ержан Хамитов

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» үндеуін Қарағанды жастары да жылы қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Оның әр бағыты жастарды білікті, білімді болуға шақырады. Ендігі міндет - Тәуелсіз елдің ұландарына осы үдеден шығу, - дейді қарағандылық Ержан Хамитов.

Ержан Хамитов, Қарағанды облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:

- Көптеген елде қазір көріп отырмыз, мынау Таулы Қарабах, Украина, Грузия арасындағы келіспеушіліктердің барлығы осы 1 метр жер үшін туындап жатыр, сол үшін қаншама халық қантөгіске барып жатыр. Бұл жағынан біздің бағымыз бес елі. Біз мұндай қиыншылықты көрген жоқпыз. Өйткені Тәуелсіздік басталған бетте Елбасымыздың бастамасымен біз шекарамызды шегендеп алдық. Осының қадірін біліп, жастар осыны түсіне білуі керек деп есептеймін. Жерімізді сақтап қалу үшін жастар еңбек етуі керек.