«Қызыл аймақта» Солтүстік Қазақстан облысы ғана

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары елдегі эпидемиологиялық жағдайға тоқталды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Жалпы Қазақстанда коронавирустың таралуы соңғы бір айда 2,8 есеге төмендеді.

Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранотың айтуынша, стационарда емделіп жатқандардың саны 1 жарым есеге, ал үйде ем қабылдап жатқандар 2 есеге азайған. Тамыз айында жұқпалы аурулар ауруханалары 56 процентке толық болса, бүгінде бұл көрсеткіш 29 процентке дейін кеміді. Жансақтау бөлімдерінде де орын саны 45-тен 23 процентке дейін азайды. Қазір қызыл аймақта Солтүстік Қазақстан облысы ғана қалды. Ал Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы «сары аймақ» тізіміне енген.