Тәтті сусындарға акциз енгізіледі

Тәтті сусындарға акциз енгізілетін болды. Қосымша салық 2023 жылдан бастап салынады, деп хабарлайды «Хабар 24» Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Әуелі 15 пайыз кейін 2025 жылға дейін салық көлемі 45 пайызға өседі. Өйткені салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған ұлттық жоба мақұлданып отыр. Бұған дейін тәтті сусын өндірушілер бұл бастамаға қарсы шыққан еді. Тіпті кәсіпкерлердің шығыны артып, 17 мыңдай адамның жұмыссыз қалуы мүмкін екенін айтқан. Әрі өнім бағасы қымбаттайды.

Десе де, жауаптылар бұл құрамында қанты бар сусын ішуді азайтады деген пікірде. Өйткені, оларды тұтынудың салдарынан елімізде қант диабеті, семіздік және жүрек қан тамыры аурулары көбейгені айтылған.