Жамбыл облысында заңсыз қабан атқан браконьерлер ұсталды

Жамбыл облысында заңсыз қабан атқан браконьерлер ұсталды.

Оқиға Қарақыстақ тауының бөктерінде болған. Төрт адамды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары қолға түсірді. Тексеріп, тінту кезінде жабайы шошқаның бөлшектелген еті табылды. Басы мен терісін өзенге тастаған. Аңды атуға олардың ешқайсысында рұқсат қағазы болмаған. Күдіктілер қабанды әдейі атпағанын айтып ақталған. Сонымен қатар 3 екі ұңғылы қару тәркіленді. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып тергеу басталды. Табиғатқа келтірілген шығын 730 мың теңгеге жуықтайды.