476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақтауда жол үстінде жаттығу жасаған жеткіншектер жазаға тартылды

  • 187
  • UPD: 18:15, 09.12.2021

Ақтауда жасөспірімдер жолдың қақ ортасында жаттығу жасап, жүргізушілердің ашуына тиді. Жастардың әрекеті әлеуметтік желіге тарап, көптің наразылығын тудырды.

Кадрда екі жігіт «Ақтау» сауда орталығының алдындағы жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатып, жаттығу жасаған. Полиция қызметкерлері бейнежазба кейіпкерлерінің кәмелетке толмағанын анықтады. Олар қаладағы колледждердің бірінде оқиды. Енді 16 жастағы балалардың ата-аналары жауапкершілік арқалайды.

Айгерім Ибатуллаева, облыстық Полиция департаменті бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

– Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін олардың біреуінің заңды өкілдері ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Екінші жасөспірім Ақтау қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Маңғыстау облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын заңда белгіленген ережелерді сақтауға шақырады. 

Хабар 24 телеарнасы