Павлодар облысында үйір жылқы күнбағыс алқабын таптап кетті

Павлодар облысы Шарбақты ауданының Маралды ауылы маңында бір үйір жылқы күнбағыс алқабын таптап кетті, деп хабарлайды Хабар 24.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қараусыз жүрген 90 бас жылқы иесіне қайтарылды. Малына ие бола алмаған ауыл тұрғынына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Ол 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Тәртіп сақшылары төрт түлікті қараусыз жіберетін ауыл адамдарына түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізеді. Иесіз жүрген мал ұрылардың да олжасына айналып жатыр. Одан бөлек, жол-көлік оқиғаларына да себеп болады.