Астық экспортына баж салығы салына ма?

Елімізде 5-ші сыныпты азықтық бидайды экспорттауға шектеу қойылуы ықтимал, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұйрық жобасы дайын. Енді мемлекеттік органдар арасында келісім жүріп жатыр. Бұл туралы құзырлы министрлік департаменті директорының міндетін атқарушы Назгүл Хатепова мәлімдеді.

Жалпы министрлік «Бидайға баж салынса, баға көтеріліп, шетелдік нарықтардан айырыламыз» деген пікірде. Ал шаруалар өңделген өнімді экспорттауды қолдайды. Биылдың өзінде елде ұн өндірісі мен экспорты 7 процентке азайған. Назгүл Хатепова астық түсімінің жылдағыдай 20 млн емес, 16 млн тоннадан сәл ғана асқанын айтады. Дегенмен баж салығын енгізу, бір күндік шаруа емес. Маман «әлемдік нарықтағы жағдайды ескеруіміз керек» дейді.  Себебі мұндай салық бидай өндірушілердің қаржылық жағдайына тікелей әсер етуі мүмкін. Бүгінде отандық астықты Орталық Азия елдері, Қытай және Еуропа сатып алып отыр. Демек осынау ірі нарықтан айырылып қалмау маңызды.

Сондай-ақ...