434,07 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ауа райы: 30 градусқа дейін күн суытады

  • 83
  • UPD: 09:06, 11.01.2022
Ауа райы: 30 градусқа дейін күн суытады

Елордада қазір 26 градус аяз. 30 градусқа дейінгі суықтық Арқа өңірі мен солтүстік және Шығыс аймақтарда сақталады.

Ертең кей өңірлерде қар борап, бұрқасын соғады. Оңтүстік өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел де күшейеді. Арғы күні Арқа, солтүстік және шығыс өңірлерде аяз қайта күшіне мінеді. Кей өңірде ауа температурасы –30 градусқа дейін жетеді.

Хабар 24 телеарнасы