Қ.Тоқаев: Азық-түлік қауіпсіздігі түбегейлі шешілуі тиіс

Соңғы жылдары қуаңшылықтың салдарынан жиналған астық көлемі 4 млн тоннаға кеміді. Бұл шикізат және жемшөппен қамту ісіне әсер етпей қоймады. Президент үкіметтің отырысында ауыл шаруашылығына ерекше назар аудару керегін айтты.

Болжам бойынша биыл да ахуал күрделі болуы мүмкін. Сондықтан үкімет тұқыммен, жем-шөппен, тыңайтқышпен қамту ісін және егін егу науқанын қатаң бақылауда ұстауы тиіс. Осыны айтқан Мемлекет басшысы субсидия мәселесіне жеке тоқталды. Бұған дейін де субсидиялау тетігін қайта қарауға тапсырғанын еске сала отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жұмысты қысқа мерзімде атқаруды жүктеді. «Субсиядияның қолжетімдігі мен оны алудағы процедураның ашықтығын қамтамасыз ету керекпіз» деді Президент. Үкімет пен барлық әкімдердің алдында алдағы үш жылда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін түбегейлі шешу міндеті тұр. Егер нарықта азық-түлік мол болмаса, инфляцияны ұстап тұруға еш амал көмектеспейді, деді Президент.

Мемлекет басшысы мәлімдемесінің толық мәтіні

Әлихан Смайылов премьер-министр лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланды

Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды.

Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Кәрім Мәсімов тұтқындалды

ІІМ: «Дикий Арман» ұсталды

Тәуелсіз Қазақстан тарихында он бірінші рет аза тұту күні жарияланды

Қ.Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты