Серік Ақылбай: Билік те, халық та бүліктен сабақ алуы керек

Белгілі мемлекет қайраткері Серік Ақылбай осылай деді. Мұны  Мәжілістің жалпы отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та айтқан болатын, деп хабарлайды Хабар 24.

Құқық қорғау жүйесіне түбегейлі реформа жасау – алда мұндай сын-қатерден қорғаудың берік қалқаны. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке жауапты барлық орган қоян-қолтық әрекет еткенде ғана жұмыс нәтижелі болмақ дейді – ел ағасы.

Серік Ақылбай, қоғам және мемлекет қайраткері:

– Мысалы, екі жыл бұрын ҰҚК-не «Сырбар» деген қызметті қосып жіберді. Ол өте дұрыс болмады. Себебі оның алдында Елбасына, Мемлекет басшысына сыртқы және де ішкі жағдайды баяндайтын  бір жағынан «Сырбар», екінші жағынан өзіміздің Қауіпсіздік комитеті. Сол екеуінің беріп отырған мәліметін салыстыра келе, Президент жағдайды толық біліп отырған. Ал екеуін қосып жібергеннен кейін бүкіл мәліметтер Президентке жетпеген. Сондықтан үлкен реформа керек, қауырт реформа керек. Оны Президент атап өтті. Ол жасалады.

 

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Мемлекет басшысы мәлімдемесінің толық мәтіні

Үкіметтің жаңартылған құрамы бекітілді: толық тізім

Әлихан Смайылов премьер-министр лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланды

Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды.

Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

Кәрім Мәсімов тұтқындалды

ІІМ: «Дикий Арман» ұсталды