БҚО-да бақылау бекеттеріндегі жұмыс жалғасады  

Өңірде төтенше жағдай режимі алынып тасталды. Комендаттық сағат күшін жойды, деп хабарлайды Хабар 24.

Барлық әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандары, қаржы құрылымдары қалыпты кестеге оралды. Тұрғындардан уақытша алынған заңды қарулар кері қайтарыла бастады. Ал блок-бекеттер жұмысын жалғастыра береді. Қалаға кіріп-шыққан көліктер әлі жіті тексеріліп жатыр. Айта кетейік, төтенше жағдай режимі кезінде облыста 903 адам ұсталды. Оның 91-і әкімшілік жауапқа тартылған.

Болатбек Белгібеков, облыстық ПД ресми өкілі:

– Қазіргі уақытта біздің облысымыздағы жағдай тұрақтандырылды. Инкассаторлар қызметіне ілесіп жүрген полиция қызметкерлерінің де жұмысы тоқтатылды. Құқық қорғау органдары осы төтенше жағдайларға себеп болған жаппай тәртіпсіздікке қатысқан адамдарды анықтау мақсатында жұмыстар жүргізуде. Сол себепті біз блок бекеттерді әзірге алмауға шешім қабылдадық.