Батырдың ерлігі ұмытылмайды  

Тараздағы бүлік кезінде қаза тапқан Дастан Әділбайдың ата-анасына Айбын ордені табыс етілді. Президенттің жарлығымен берілген награданы табыстау рәсіміне қауым ел жиылды.

Көпшілік марқұмды еске алып, батырдың өмірі мен еңбек жолы жайлы түсірілген деректі туындыны көрді. Дастан Әділбай – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің подполковнигі. Кешегі дүрбелеңде өз өмірін қатерге тігіп, бүлікшілердің жолын бөгеді. Оның сын сағаттағы батылдығы, кәсіби іс әрекеті мен жасаған ерлігі көпке үлгі болып қалмақ.

Әділбай Шатырбаев, Дастан Әділбайдың әкесі:

– Осындай еңбегін ескеріп, елеп, марапаттап жатқандарыңыз үшін рахмет! Отбасымыздың атынан рахметімізді айтамыз, айналайын. Жұмыстарың алға баса берсін! Өздеріңізді сақтап жүріңіздер!

Сондай-ақ...