Президент бейбіт митинг қатысушылары қылмыстық жауапқа тартылмауы керек деп санайды – Б.Уәли

Бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек.

Мемлекет басшысының түбегейлі ұстанымы бейбіт жиналыстар мен митингілер заңға сәйкес өтуі керек. Заңда мұндай жиындардың ескерту арқылы ғана өткізілетіні қарастырылған.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбуктағы парақшасында жазды, деп хабарлады «Хабар 24».

Өз жазбасында ол митингілер мен жиналыстарды енді қалалардың орталық аудандарында өткізуге болатынын атап өтті.

«Бұл еліміздегі демократияны ілгерілетуге бағытталған маңызды қадам» деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.