Алматы облысының тұрғындары тауып алған қаруды полицияға өткізді

Өңір тұрғындары әр жерден табылған қару-жарақты полицияға өткізіп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Көксу ауданының тұрғыны Талдықорғаннан 11 дана Макаров пистолеті мен бір Калашников автоматын тауып алып, тәртіп сақшыларына апарып берді. Тағы бір ер адам сауда үйінің маңында бір тапаншаның жатқанын байқап, құзырлы орган өкілдеріне тапсырды. Екі азаматтың да жаппай тәртіпсіздікке қатыспағаны анықталды. Қарулар енді арнайы сараптамадан өтеді. Өңірде күдіктілерден тәркіленген және тұрғындардан жиналған қару саны 160-қа жетті.