НАТО Ресейді ДХР мен ЛХР-ді танымауға шақырды

Ресей Донецк халықтық республикасы мен Луганск халықтық республикасын ресми түрде таныса Минск келісімшарты мен халықаралық нормаларды бұзады.

НАТО бас хатшсы Йенс Столтенберг Брюссельде бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесуде осылай деп мәлімдеді. Солтүстік Альянс басшысы Мәскеуден қауіпсіздік ұсыныстары бойынша жауап күтетінін айта келе Ресей-НАТО кеңесі шеңберінде кездесулерді жалғастырғысы келетінін жеткізді. Бұған дейін ЕуроОдақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель де твиттердегі парақшасында осы мәселеге қатысты пікір білдіріп, Одақтың Ресей Мемлекттік думасының Донецк және Луганск Халықтық Республикаларына қатысты шешімін айыптайтынын атап өткен еді

Йенс Столтенберг, НАТО бас хатшысы:

– Донетцк пен Луганск халықаралық тұрғыдан танылған шекара шеңберінде Украинаның бір бөлігі болып саналады. Сондықтан Ресейдің оларды тануы халықаралық құқық пен Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін бұзу болып саналады.