Бүгін 1-сыныпқа баратын балалардың құжатын қабылдау басталды

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін бұл қызмет толығымен автоматтандырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжаттарды Еgov.kz электронды веб-порталы арқылы тапсыруға болады. 1-сыныпқа 6 жасқа толған, сондай-ақ күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балалар қабылданады. Ол үшін баланың ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, 026/у-3 және 063/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат, сондай-ақ оқушының 3х4 екі суреті қажет. Биыл бірінші сыныпқа 400 мыңнан астам бала барады деп күтіліп отыр. Құжатты қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады