Коронавирустың жаңа штамы пайда болуы мүмкін

Коронавирустың жаңа штамы пайда болуы мүмкін

Жақында коронавирустың жаңа штамы пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Немесе ол маусымдық вирустан инфекцияға айналады. Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір Қытай мен кейбір Еуропа елдерінде эпидемиологиялық жағдай ушығып жатыр. Сол себепті ведомство басшысы қазақстандықтарды бустерлік вакцина салғызу қажеттілігін ескертті. Екпе алудың арқасында елде 50-60 проценттік ұжымдық иммунитет қалыптасты. Алайда сақтық ережелерін ұмытпаған жөн деді Ажар Ғиният.

Айта кетерлігі, қазір мамандар күніне 15 ПТР тест сынамасын алады. Бір тәулікте шамамен 10-15 адамның инфекцияны жұқтырғаны анықталады.

Ажар Ғиният, ҚР денсаулық сақтау министрі:

- Соңғы екі-үш аптаға қарағанда оптимистік сценарий бар. Аурушаңдықтың көтерілуі байқалмайды. Ол елдегі, дүние жүзіндегі жағдайға байланысты. Сырттан келмесе, қазіргі елдегі жағдай жақсы.