ШҚО-да дала өрті жиілеп кетті

Еліміздің шығысында жаз шықпай жатып, дала өрті басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өрт сөндірушілердің айтуынша, бір тәулікте осындай 26 дерек тіркелген. Мәселен Көкпекті ауданында дала өрті 5 гектар аумақты шарпыған. Абырой болғанда, қызыл жалын өшіріліп, елді мекендерге жеткен жоқ. Қазір аймақта аталған жағдайларға байланысты құзырлы органдар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Мамандардың айтуынша, мұндай өрттердің жиілеуіне тұрғындардың сенбіліктері сеп болып отыр. Өйткені маңайдағы қоқысты жағып жіберуді жөн көретін ауылдықтар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамайды.

Сондай-ақ...