Референдум учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қандай жағдай жасалады?

Елордада 349 референдум учаскесі бар, оның 248-і ашық учаске, 35-і жабық, елшіліктерде 66 учаске бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Барлық ашық және жабық учаскелер бойынша тексерулер жүргізілді. Қатесі бар актілер анықталып, кемшіліктерді жойылуда. Референдум учаскелерінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде проблемалық мәселе жоқ.  

Осыған дейінгі сайлау тәжірибесін ескере отырып, дауыс беру учаскесіне келе алмаған азаматтарға арналған жылжымалы сайлау учаскесі енгізіледі. Бүгіндей осындай топтағы 707 984 дауыс беруші белгілі болып отыр. Оның 19 836-сы – мүмкіндігі шектеулі жан. Барлық ауданда сайлаушыларды тексеру үшін бірыңғай байланыс орталықтары жұмыс істейді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының отырысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы Рақымжан Исақұлов атап өтті.