Саяси өзгерістер аясында бизнес қалай дамиды?

Қазақстандық бизнес-қоғамдастық өкілдері конституцияға енгізілетін өзгерістерге бей-жай қарамайды. Себебі саяси реформалар экономикаға тікелей әсер етеді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге 5 маусымда өтетін референдумда Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы түсіндірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ елдегі экономикалық және саяси өзгерістер аясында бизнестің қалай дамитыны сөз болды. Кездесуде мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста отандық бизнестің проблемалық мәселелері сөз болды. Ата заңға енетін өзгертулер бизнестің де құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға оң ықпал ететініне назар аударылды. Кәсіпкерлер елдегі реформаларға қатысуда белсенділік танытамыз деп отыр.

Бауыржан Смайылов, қоғамдық кеңес мүшесі:

Елімізде үлкен саяси шара, бүкіл халықтық референдум болады. Осы референдум шеңберіңде халықпен кездесіп, кәсіпкерлермен кездесіп үгіт насихат жұмысы  жүргіздік. Кәсіпкерлер енді олар әрқашан белсеңді, бүгін жақсы кездесу өтті, талқылау өтті көп сұрақтар қойылды. Жалпы мен ойлаймын кәсіпкерлер осы кележатқан шараны белсеңді қолдайтыды.