ШҚО-да 10 мың капсула электронды темекі тәркіленді

Шығыс Қазақстан облысында Бақты бекетіндегі кедендік бақылау қызметкерлері бір реттік темекіге арналған 10000 капсуланы тәркіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы облысының кәсіпкері оны сату мақсатында тауарды таңбалаусыз тасымалдаған. Салмағы 70 келі болатын өнімнің жалпы сомасы 60 мың теңгені құрайды. Электрондық темекіге арналған капсулалардың иесі жауапкершіліктен жалтарған. Сол себепті тәркіленген тауарлар қоқыс полигонын жойылыпты.

Ержан Ктанов, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:

– Бұл тауарлардың адам денсаулығына зияны көп. Комиссияның шешімі бойынша біз бұл өнімдердің нарыққа түспеуі үшін толығымен көзін жойдық.