Ұлттық домбыра күні: Ақтау перзентханасында өмірге келген сәбилерге домбыра тарту етілді

Ақтауда «Домбыра-дастан» акциясы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ұлттық домбыра күніне орай Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Домбыра — дастан» акциясын өткізді. Шара аясында перинаталдық орталықта жатқан аналар мен олардың нәрестелеріне қазақтың қара домбырасы сыйға берілді. Акция Ақтау қалалық перинаталды орталығында өтті. Шара ұйымдастырушылары аналар мен олардың нәрестесіне домбыра, балаларға арналған киім, кондитерлік және сүт өнімдерін табыс етті. Сондай-ақ Ақтау қалалық перинаталдық орталығының қызметкерлеріне Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан естелік сыйлықтар берілді.