Өткен тәулікте коронавирустан бір адам көз жұмды

Өткен тәулікте коронавирустан бір адам көз жұмды

Елде өткен тәулікте коронавирустан 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сай, аймақтарда 1 мың  280 адам стационарда, 17 мың  682 науқас амбулаторлық деңгейде ем қабылдап жатыр. 7 пациенттің жағдайы нашар, тағы 5  науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Өңірлерде коронавирус жұқтыру көрсеткіші бәсеңдер емес. Кеше 2 мың 54 адамнан вирус анықталды, әсіресе, елорда мен Алматы қалаларындағы статистика көңіл көншітпейді. Бас шаһарда 806 адам індет жұқтырса, Алматы қаласында 532, Қарағанды облысында 130 адам ковид қармағына іліккен. Елорда эпидахуал бойынша «сары аймақта» қалып отыр.