«Баланы мектепке даярлайық»: акция жалғасуда

«Amanat» партиясы «Баланы мектепке даярлайық» аталатын жалпыреспубликалық акцияны жалғастырып жатыр.

Ел бойынша 30 мыңнан астам баланы қамту жоспарланып отыр. Бір ғана елордада партия мүшелері үш мыңға жуық балаға көмек көрсетті. Ал, Қызылорда қалалық мәслихатындағы «AMANAT» фракциясының депутаты Ділмұхамед Әбизов 500 баланы мектеп формасымен қамтамасыз етті. Алматыда филиалдың қолдауымен «Білімге құштар балдырған» атты қайырымдылық концерті өтті. Шара барысында партиялықтар мүмкіндігі шектеулі балаларға оқу құралдарын табыс етті. Мегаполисте айдың соңына дейін барлығы үш мыңнан астам мұқтаж отбасы қажетті заттармен қамтамасыз етіледі. Ал, Ақтөбе облысында акция аясында мың жарым балаға көмек берілді.