Азық-түлік бағасы шарықтап кетті

Әсіресе әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы бағындырмай тұр. Тіпті еліміздің 10 өңірінде бұл көрсеткіш өрескел өсім алғаны байқалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«AMANAT» партиясының мониторинг топтары 2500 нысанда 1200-ден астам рейд жүргізген. Нәтижесінде 77 заң бұзу фактісі анықталды. Соңғы күндері макарон өнімдері мен пияз және қырыққабат бағасын көтерілген, көп аймақта ұн, сәбіз, қарақұмық жармасы мен картоп құны қымбат. Нұр-Сұлтан мен Алматыда тауық жұмыртқасының бағасы белгіленген мөлшерден 30% жоғары саудалануда. Ал Ақтаудағы ірі супермаркеттердің сөресінде қант жоқ. Бірақ қоймаларда бар болғаны анықталып отыр.

Артур Платонов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Біз жүргізген мониторингтер нәтижелі болу қажет. Бағаны бағындырып, өрескел заңбұзушылыққа барғандарды жазалауды қолға алған жөн. Тұрғындарға нәтиже керек. Бұл мәселе партияның қатаң бақылауында болу керек.