Каспийде Ақтау қаласын жағалап 11 жауынгерлік су көлігі қаз-қатар жүзіп өтті

Салтанатты шара қала күні мен қазақ армиясының 30 жылдық мерей тойына арналды.

Әскери-теңіз күштерінің «Маңғыстау», «Орал», «Сарыарқа», «Қазақстан»  кораблдері, «Жайық» гидрографиялық кемесі мен «Алатау» мина тартқыш кораблі, сондай-ақ шекара катерлерінің экипажы палубада сапқа тұрды. Шеру соңы дала сахнасында ұлттық әскери-патриоттық орталығы ұйымдастырған концертке ұласты. Айта кетейік, «Біртұтас ұлт-біртұтас әскер» атты жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасы Атырау, Ақтөбе облысында жалғасады.

Арман Асенов, ҚР ҚК ұлттық әскери-патриоттық орталығы РММ басшысы:

- Қала тұрғындары мереке күні әскерилердің өнерін жағажайда тамашалауға мүмкіндік алды. Концерттік бағдарлама әлем және қазақ классиктерінің таңдаулы туындыларынан тұрады. Бізбен бірге Маңғыстауға ақпараттық-түсіндіру тобы да келді. Әріптестеріміз халыққа Мемлекет басшысының жолдауын түсіндіріп, қоғамға әскери қызметтің қаншалықты маңызды екенін дәріптеп жүр.