Шерқалада шеберлік сабағы өтті – Маңғыстау облысы

Әйгілі Шерқала және Айрақты тауларының етегінде жас суретшілерге арналған шеберлік сабағы ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсем табиғат аясында Маңғыстау өнер колледжінің студенттері мен мектептерде сурет сабағынан беретін ұстаздар этюд салуға машықтанды. Бейнелеу өнері саласына еңбек сіңірген қайраткерлер білгенімен бөлісіп, жас буынға пейзаж жазу тәсілдерін көрсетті. «Каспий теңізін, Шерқала мен Айрақты тауын суретшілер сан рет бейнеледі. Енді пейзаждар қоры жас қылқалам шеберлерінің жаңа туындыларымен толығарына қуаныштымыз» – дейді ұйымдастырушылар. Ашық аспан астында өз ісінің кәсіби шеберлерінен дәріс алған студенттер бек риза.

Аружан Қуат, студент:

Бізге жақсы мүмкіндік. Олардың салу техникасын үйренгеніміз де, шеберлік сағатын көрудің өзі де біз үшін үлкен нәтиже десем де болады. 

Тынышбек Балтабаев, ұйымдастырушылар алқасының мүшесі:

– Әлішер Жүргенов Алматы қаласында Танысбаев атындағы өнер колледжінде ұстаз болып келеді. Сол кісіні шақырттық арнайы осы жобамызға. Астанадан Бейбіт Әсемқұл дейтін суретшіміз келеді. Ол абстракция өнерін көрсетеді.

Қос таудың етегінде өткен шеберлік сабағы Маңғыстау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бейнелеу өнерін дамытуға қаржылай грант бөлді. Бұл қолдау «7 түс» жобасы аясында жүзеге асырылды. Биыл осындай 5 шара өткізілген.

Әлішер Жүргенов, О.Таңсықпаев атындағы Алматы сәндік қолданбалы өнер колледжінің оқытушысы:

– Маңғыстаудың табиғаты басқа жерлерден өзгеше. Марс сияқты дейтін болжамдар бар. Импрессионистік бағытқа оқушыларды бағыттадым. Еркін болу керек, бірдан алып көшіріп кетпей керек деген сияқты нәрселерді. Сезімге бой беру керек. 

Кескіндеме шеберлік сабағы енді Каспий жағасында жалғасады. Бұл ретте жас суретшілер пейзаж және абстракция бағытында сурет салудың қыр-сырын меңгереді. Олар шара соңында «Бейнелеу өнері: міндет пен меже» атты лекториумға қатысады.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Ренат Досалиев