Қарқаралы ауданының халқы енді диагностикадан өту үшін өзге қалаға сабылмайды

Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы ауданының тұрғындары енді диагностикадан өту үшін өзге қалаға сабылмайды.

Орталық ауруханаға соңғы үлгідегі компьютерлік томограф орнатылды. Ең бастысы, науқастар мұнда медициналық тексерістен тегін өтеді. Қазір Қарқаралы ауданында барлығы 32 мың халық тұрса, соның 28 мыңы осы ауруханаға тіркелген. Дәрігерлер күніне орташа есеппен 20 адамды қабылдап жатыр. Осылайша қаншама қауіпті дерттің алдын алуға мүмкіндік туды.

Жібек Бөкіжанова, Қарқаралы қаласының тұрғыны:

- Ыңғайлы, Қарқаралының өзінде ашылғанына қуаныштымыз. Енді біз зейнеткерміз. Былай да былай жүргеннен осы жергілікті жерімізде болған өте жақсы ғой. Мен де бірінші рет келіп отырмын өзімді көрсетейін деп. Менікі бауыр, бүйрек.

Дәурен Сетпанов, аудандық аурухананың бас дәрігері:

- Терапия тарапынан, неврология жағынан, одан кейін травмалар. Расында біз үлкен трассаның бойында тұрмыз. Арасында жол апаттары болады. Сол жерден науқастар түседі. Соларды зерттейміз. Енді бұл компьютерлік томография қазір бізге көп көмегін беріп жатыр. Обследование жасайтын адамдар өте көп. Дер кезде диагноз қойылады.

Сондай-ақ...