Петропавлда көліктің газ құрылғысы жарылды

Петропавл қаласында газ балонның жарылысынан жарақат алған адамдардың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауруханаға түскен 9 науқасты орта және жеңіл түрде күйік шалған. Қазір олар ем-дом қабылдап жатыр. Дүмпудің қатты болғаны соншалық, ғимараттың бір қабырғасы опырылып түсті. 10 көлік зақымданды. 

 Евгений Журавлёв, Облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:

- Болжам бойынша көліктің газ құрылғысы жарылып кеткен. Оның нақты себебін тергеуден кейін анықталады. Оқиға орнында 10 бірлік техника мен 43 өрт сөндіруші жұмыс істеді.