СҚО-да «Ақылды» камералар іске қосылды

Солтүстік Қазақстан облысында 8 күннің ішінде 3 мыңнан астам жүргізуші жол ережесін бұзған, деп хабарлайды «Хабар 24».   

Оларға жалпы сомасы 22 млн теңге айыппұл салынды. Заңбұзушылықтарды «Ақылды» техника анықтаған. Жалпы өңірде соңғы бірнеше айда 60-қа жуық бейнекамера орнатылды.

Аймақта жылдамдықты анықтайтын бейнекамералар осыдан бір апта бұрын іске қосылды. Ақылды техника жол ережесін бұзғандарды автоматты түрде тіркейді. Сондай жүйе қаланың кіре берісіне орнатылды. Себебі тақтайдай жолмен зулайтын жүргізушілер көп.

Бұл республикалық Петропавл – Астана тасжолы. Көктемде бұл жерде жол көлік оқиғасы болып, көлік әйелді қағып кеткен болатын. Салдарынан ол қаза тапты. Сондықтан полиция қызметкерлері мұнда бағдаршаммен арнайы камера қоюға мәжбүр болды.

 60-қа жуық камераның 28-і ақпараттық –бағдарламалық кешен. Осыған дейін олар тесттік режимде жұмыс істеп тұрған еді. Сол кезеңнен бері бұл жерлерде бірде-бір жол көлік апаты болмаған.    

Жол ережесін бқзғандарға бірден СМС хабарлама келеді. Жүргізуші оны  бір апатада 50% жеңілдікпен төлей алады. Ақылды жүйе 8 күнде үш мыңға жуық жүргізушінің жол ережесін бұзғандығын анықтаған.  

Жұлдыз Бахыт, СҚО ПД процессингтік орталығының аға автоинспекторы:

- Сегіз күннің ішінде 22 млн теңгеге 3 мыңнан астам бұзушылық тіркелді. Бұл кешендер жылдамдық режимін жол таңбаулау режимін бұзуын және де бағдаршамның тыйым салынатын сигналына өтуін анықтайды және жолын кеседі.

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері келер жылы ақылды камералардың санын арттыруды жоспарлап отыр. Олар сәтін салса, мектептермен аурухана сынды әлеуметтін нысандардың маңына орнатылмақ.