Екібастұздағы апат салдарын жою жалғасып жатыр

Екібастұздағы коммуналдық апат салдарын жою жұмыстары жалғасуда. 

Ескі құбырлар бірінен кейін бірі жарылып жатыр.  800-дей адам күндіз-түні тынымсыз жұмыс істеуде.  Олардың бір бөлігі бүгін жекеменшік үйлердегі желілерді жөндеуге барды.

Ауланың іші бәрі су. Үйді көрсетейін қазір. Радиатор, трубалардың бәрі жарылып жатыр.

Коммуналдық апаттан Екібастұз қаласының тұрғыны Баян Жармакиннің үйіне айтарлықтай зақым келді.   Зейнеткердің суық үйде бір бөлмеге жылытқыш құралды қосып күнелтіп жатқанына бүгін міне   10 күн болды.

Баян Нұрмакин, қала тұрғыны:

- Мына батареялар қатып жарып жіберді бәрін. Труба, түгел 7 батарея ма түгелі жарылып кетті. Әкімнің атына өтініш жазып кет деді. Келіп істейміз деген. Істейтін шығар қайдан білейін.          

Кезек біртіндеп жекеменшік секторға да жетті. Екібастұз жылу желілерінен келген бригада қатып қалған құбырларды ауыстырып жатыр. Ондағы жылу жүретін  трасса толық істен шыққан.

Руслан Сафиулин, Екібастұз жылу желілері мекемесі бас инженерінің орынбасары:   

- Шамамен 230 метрдей құбыр ауыстыру көзделген. Бүгін кешке дейін жұмысты аяқтап үйлерге жылу кіргіземіз бе деп отырмыз.             

Бүгін барлығы 4 жекеменшік үйдің құбырлары ауыстырылады. Бұл ауданда шамамен 20 -30 үйдің құбыры мұз болып қатып қалған. Ал қаладағы жалпы ахуалға тоқталсақ, Екібастұзда қазір жылуға қосылмаған 4 көп қабатты үй қалды.                   

Қарлығаш Қасиетова, Жеңіс Темірболат