Қазақстанда заңсыз жанар-жағармай тасымалымен күрес күшейеді

Қазақстанда жанар-жағармай материалдарын заңсыз шығару әрекеттерін бақылау күшейеді.

Бұл жөнінде Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде өткізген кеңесі барысында айтылды. Жиында нарықтағы қазіргі ахуал талқыланып, қолданыстағы реттеу механизмдерінің тиімділігі сөз болды. Шекарада дизель отыны мен бензинді басқа мұнай өнімдерінің түрлері ретінде заңсыз шығару әрекеттері әшкереленді. Бұл ретте Әлихан Смайылов Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп бақылауды күшейтуді міндеттеді. Заңсыздыққа бой алдырғандардың жолын кесу жөнінде пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды.