Абай облысының экономикасына 1,3 трлн теңге инвестиция тартылады

2028 жылға дейін Абай облысының экономикасына 1,3 трлн теңге инвестиция тартылмақ. Бұл туралы бүгін өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев Үкімет отырысында айтты.

Оның хабарлауынша, облыста өндіріс саласын дамытуға басымдық беріледі. Дайын тауар көлемін 1,5 есе арттыру көзделген. Инфрақұрылымдық мәселелер де шешімін табуы тиіс. Мәселен, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың мәлімдеуінше, аймақта 11 көпірді жөндеп, салу жоспарда бар. Аягөз-Бақты-Қытай  шекарасы бағыты бойынша темір жол да қалпына келтіріледі. 1,5 мың шақырым тасжол жөнделіп, жаңа әуе рейстері ашылмақ. Ал өңірдің туристік әлеуетін жақсарту үшін Семейде 5 жұлдызды қонақ үй құрылысы басталады. Екі ірі сауда-көңіл көтеру орталығы да бой көтереді.