Павлодарда 4 автобус және 1 трамвай паркі субсидияланады

Ертіс өңірінде мемлекет тарапынан субсидияланатын қоғамдық көліктердің саны артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Павлодарда 4 автобус және 1 трамвай паркі субсидияланады. Бұл мекемелер 16 санатқа жататын азаматтарды тегін және жеңілдетілген тарифпен тасымалдайды. Өткен жылы субсидиялау жобасы бойынша тасымалдаушы ұйымдарға 742 млн теңге төленсе, биыл бұл бағытқа 1 млрд теңге қарастырылып отыр. Бағдарламаның арқасында бір автобус паркі жаңа 30 көлік сатып алды. Биыл жыл басында сыйымдылығы үлкен автобустардың тағы бір легі жолаушы тасымалдауға шығарылады.

Айта кетейік, өткен жылы облыста сараланған тариф пен электрондық төлем жүйесі енгізілді. Мамандардың есебінше, бүгінде қоғамдық көлікпен күнбе күн жүретін жолаушылардың 90%-і жолақыны осы жүйе арқылы төлейді екен.

Арслан Қалиақпаров, қала әкімінің орынбасары:

- Жалпы 34 маршрут. Шағын және үлкен санаттағы атвобустар. 34-тің 26-сы субсидиялауға жатады. Оның үшеуі шағын автобустар. Қалған алтауын біз бүгінгі күні облыс мәслихатының қарауында. Жалпы мемлекеттік қолдау бар. Барлық маршруттар кіреді деп жоспарлап отырмыз.