Ақтөбе облысында су тасқыны қаупі сейіліп келеді

Қобдада су сору жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазір осы ауылда жүрген қосымша күштер 13 тұрғын үйді құрғатып болып қалды. Бұған дейін эвакуацияланған 12 адам уақытша эвакуациялау пункттерінде, 79-ы туыстарының үйінде. 365 тұрғын өз баспанасына оралды. Су жүрген кезде қауіпсіз аймаққа айдалған малда өрісіне қайтты.