Өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында 5 мың жұмыс орны ашылады

Өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында 5 мыңнан аса жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ қалалардағы ағынды суларды тазарту деңгейі 78%-тен 89%-ке дейін жеткізілмек. Ол үшін 24 кәріздік тазарту құрылысы салынады. Бұл туралы экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында сөз болды. Үкімет басшысы жетекшілік еткен жиында "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясының қызметі "KEGOC" АҚ акцияларының бір бөлігін, SPO арқылы бәсекелес ортаға беру, сонымен қатар 10 коммуналдық меншік ұйымын жекешелендірудің кешенді жоспарынан алып тастау мәселелері талқыланды.