Оралдағы жылу электр орталығын жаңартуға 61 млрд теңге жұмсалады

Оралдағы жылу электр орталығын жаңғыртуға бес жылда 61 млрд теңге жұмсалады.

Орталықтың 88 пайызы тозған. Кәсіпорындағы 11 ғимарат апатты жағдайда тұр. 250 шақырымнан асатын жылу желілерінің тең жартысы ескірген. Қомақты қаражатқа осы түйткілдерді кезең-кезеңмен шешу жоспарланып отыр. Биыл шаһарда жаңа құрылғы іске қосылып, Жайық өзенінен техникалық мақсатта алынатын су көлемі азайды. Ал Зачаганск кентінде жаңа қазандық орнату жұмыстары жақында аяқталады.

Мирас Мүлкәй, облыстық энергетика және ткш басқармасының басшысы:

- 2028 жылға дейін сәйкесінше осы жұмыстарды атқарған кезде Орал жылу электр орталығының тозуын 60 пайызға дейін түсіру көзделіп отыр. Жылу электр орталығы мен қазандықтарды қосқанда мыңға жуық Гкал жылу энергиясын өндіреміз. Бұған шектеліп тұрған жоқпыз. Көбейту жұмыстарын көздеп отырмыз. Біріншіден, №1, 2, 3 энергоблоктарын реканструкциялау. Тағы да қосымша №3 турбинаны реконструкциялау.