Өскеменде дәл қазір «Қыдыр ата» резиденциясы ашылып жатыр. Бұл мәдени шараның негізгі мақсаты - бүгінгі ұрпақ пен дәстүр сабақтастығын насихаттау. Қазақ фольклорындағы мифологиялық кейіпкер арқылы ел мен жердің тыныштығын ұлықтап, көпшілікті ынтымақ, бірлікке шақыру.