Алдағы жылдары Қостанай қаласында электр энергиясының тапшылығы туындауы мүмкін. Оған себеп облыс орталығының кеңейіп, жаңа өндіріс орындарының пайда болуы. Қазіргі қолда бар қосалқы станциялардың күш қуаты шектеулі. Сондықтан болашақта энергия жетіспеушілігіне ұрынбас үшін, Қостанайда жаңа қосалқы станцияның құрылысы жүргізіліп жатыр. Қостанайда ұсақтарын айтпағанда «Заречный» және «Орталық» деген екі негізгі станция бар. Қазір олар толық қуатында жұмыс істеп тұр. Артық ауысып, бөлісетіндей қауқары жоқ. Ал электр энергиясына деген қажеттілік жыл сайын артып келеді. Мысалы, индустриалды аймақта салынып жатқан бір ғана металл құю зауыты сағатына 35 мегаватт электр қуатын тұтынады екен. Қазіргі бар станция оның үштен бірін де өтей алмайды. Сондықтан сол маңда қуатты қосалқы станция құрылысы былтыр шұғыл қолға алынды. Дәурен Асқаров, Қостанай облыстық энергетика ЖӘНЕ ТКШ басқармасының басшысы: - Бұл жобаның біз үшін маңызы зор. Электр энергиясына деген тапшылықтан құтыламыз. Инвестициялық тартымдылық артады. Осы аумақты ғана емес, облыс орталығын, жақын аудандарды үздіксіз электр энергиясымен қамту мүмкіндігі кеңейеді. Жаңа қосалқы станция 250 мегаволтты екі автотрансформатордан тұрады. Ерекшелігі сол екеуін бір мезігілде немесе жеке дара қолдануға болады. Ат шаптырым аумақты алып жатқан нысанның құрылыс монтаж жұмыстары аяқталуға тақаған. Дастан Нұрмағамбетов, мердігер компанияның бөлім басшысы: - Основной жұмыстардың барлығы бітті. Қазіргі таңда кабельный лотоктарды орнатып жатыр. Кабелный лотоктар, одан кейін кабелді тартуды жүргіземіз. Жәнеде воздушный АЭС проводтары бар.Соларды тартып,жүргізіп, дайындаймыз. 80-85 процент аяқталды. Сонымен қосалқы станцияның құрылыс монтаж жұмыстары биыл аяқталып, кедесі жылдың жаз айлары іске қосылады. Мамандардың болжамынша қыркүйек, қазан айынан электр энергиясын бере бастайды. Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг