Шымкенттіктер 2 балдық жер сілкінісін сезінген

17 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша 2 сағат 2 минутта жер сілкінісі тіркелген.

Бұл туралы «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісі хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 823 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында болды. Энергетикалық класы 13.0. MPV тербелісі 6.0 Тереңдігі 150 шақырым. екі балдық жер сілкінісін Шымкент қаласының тұрғындары сезінді.